Нарық

Қазақстанда халықаралық әуежай банкрот деп танылады

  • © Sputnik / Елена Бережная

    © Sputnik / Елена Бережная

Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа бірнеше айдан бері айлықсыз отырғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті "Петропавловск.News" сайты.

 

Ал әкімдік өкілдері жұмысшылардың қаражаты кезең-кезеңмен төленіп, әуежайдың өзі мемлекет меншігіне қайтарылатынын мәлімдеп отыр.

 

"Әуежай жақын арада банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", &ndash делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында әуежайдың ұшу-қону жолағы толығымен жаңартылып, жолаушылар терминалы да күрделі жөндеуден өткен болатын. Қайта құрылымдаудан кейін терминал сағатына 200 жолаушыны қабылдай алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, әкімдік Ресей мен Қытай және Еуроодақ елдерімен байланыс орнатып, шет мемлекеттермен жаңа әуе қатынастарын ашамыз деп уәде берген.

 

Алайда, жоғарыда аталған жоспардың ешбірі де іске асқан жоқ. Қазіргі кезде Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды.

 

 

 sputnik.kz




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 09:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31