Нарық

«Қазақстанда жасалған» техниканы жеңілдікпен алатын бағдарлама іске қосылды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

«ҚазАгро» холдингі қазақстандық фермерлерге шарттарды жеңілдетуді жалғастыруда.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдау туралы тапсырмасы шеңберінде 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазАгро» холдингісінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы техника мен көлік құралдарының лизингісі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдікті бағдарламасын іске қосты.

 

Бұл туралы Елорда Инфо «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қаржы жылдық 6% мөлшерлемесімен, 10 жылға және 1 жылға дейін лизингтік төлемдер бойынша жеңілдікпен беріледі. Инвестициялық субсидия түріндегі берілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында алғашқы төлем 0% құрайды және қандай да бір комиссияларды төлемей және кепілсіз беріледі.

 

Өтінімдерді қабылдау және қарау азайтылған құжаттар пакетінің электрондық көшірмелері негізінде жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

«Бұл бағдарламаның іске асырылуы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге елеулі қолдау көрсетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып қана қоймай, отандық машина жасауды дамытуға оң ықпалын тигізуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

 

Сонымен бірге, төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 2020 жылдың 15 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тек қарыз шарттары бойынша ғана төлеу мерзімдерін ұзартып қана қоймай, сондай-ақ қаржы лизингі шарттары бойынша да тұрақсыздық айыбын есептемей төлеу мерзімдерін ұзартады.

 

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін төлем мерзімдерін ұзарту туралы сомасы 2,59 миллиард құрайтын 171 өтінім түсті, сомасы 630 млн теңгені құрайтын өтінім мақұлданды.

 

Өтінімдерді Орталық аппаратта да, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан филиалдарда да қабылдайды.

 

24.kz

 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31