Нарық

Қазақстанда жеңіл көліктер қымбаттады

  • Қазақстанда жеңіл көліктер қымбаттады

    Қазақстанда жеңіл көліктер қымбаттады

2018 жылдың 11 айында Қазақстан жаңа көліктердің орташа құны 7,6 пайызға қымбаттады. Бұл жайында Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Одақ мәліметінше, есепті кезең қорытындысында қазақстандықтар 449,2 млрд теңгеге 52 468 жаңа жеңіл көлік сатып алған. Сатып алынған жаңа көліктердің орташа құны 8 482 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға жоғары.


Айта кетерлігі, осы жылдың қаңтар-қарашасында сатылған отандық жаңа автомобильдердің орташа бағасы 5 433,4 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға қымбат. Ал шетелден келетін жаңа жеңіл көліктердің орташа бағасы жыл ішінде 21,2 пайызға қымбаттап, 11 318,7 мың теңге болған.


Қаңтар-қараша көлік сатып алғандардың 35,1 пайызы құны 5 млн теңгеден аспайтын көліктерді таңдаған. Яғни, осы аралықта құны 3,5 млн-нан бастап 5 млн теңгеге жететін 10 218 көлік сатылған. Ал құны 3,5 млн теңгеден аспайтын көлікті 8 174 адам алған.


Жалпы алғандарда қазақстандықтар үшін баға қолжетімді жеңіл көлік түрлері мыналар: Lada Kalina (2,94 млн тг), Ravon R2 (2,98 млн тг), Lada 4x4 (3,32 млн тг), Ravon R4 (3,5 млн тг), Lada 4x4 Pickup (3,65 млн тг), Renault Logan (3,78 млн тг), Chevrolet Niva (3,99 млн тг), Ravon Nexia (4,49 млн тг) и Lada Largus (4,5 млн тг).


Ал ең қымбат көліктер тізімі мынадай: Rolls-Royce Ghost (178,1 млн тг), Porsche 911 Turbo (66,3 млн тг) и Porsche Panamera (51,2 млн тг).




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.12.2018, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30