Нарық

Қазақстанда киім-кешек қымбаттады

  • Қазақстанда киім-кешек қымбаттады

    Қазақстанда киім-кешек қымбаттады

Қазақстанда киім қымбаттады. Әсіресе ерлер киімінің бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды  Energyprom.kz сарапшылары.

"Наурыз айының қорытындысы бойынша сыртқы киім бағасы бір жылда 4,9 пайызға және бір айда 0,3 пайызға өсті. Оның ішінде ерлер киімі 5 пайызға, әйелдер киімі 4,9 пайызға, балалар киімі 4,5 пайызға қымбаттады", - деп жазады сарапшылар.

 
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында еліміздің компаниялары жеті миллиард теңгеге киім-кешек өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға көп. Өңірлік бөліністе киім өндірісінің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі болды. Көшбасшылар үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы да кірді.

Алайда, сарапшылар Қазақстанда тігілген киімге сұраныс аз екенін атап өтті. Себебі нарық толығымен импорттаушыларға тиесілі.

"Қазақстандықтар жергілікті киімге сене алмайды. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында, трикотаж сырт киім өндірісінің өсуіне қарамастан, жергілікті компаниялар сұранысты 0,6 пайызға ғана қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі тиісінше 99,4 пайызды құрады. Елге 934,8 мың өнім әкелінді - бұл 11,8 пайызға көп. Бір жыл бұрынғыға қарағанда свитер мен жемпір (сұраныстың 1,3 пайызы) және шұлық (3,9 пайыз) сегментінде жағдай біршама жақсы", - делінген зерттеуде.




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 11:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31