Қазақстанда рубль бағамы рекордтық көрсеткішке жетті

21 мамыр 2022, 13:51

Қазақстанда рубль бағамы рекордтық көрсеткішке жетті. 20 мамыр күнгі сауда нәтижесі бойынша 1 рубль 7 теңге 14 тиынға тең, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Ресей валютасы алғаш рет 7 теңгеден асқан. Кей ақша айырбастау пункттеріндде рубль 7,40 теңгеге саудаланып жатыр.
Көрші ел валютасы наурыз айынан бастап қымбаттай бастады. Бұл кезде рубль бағамы 4 теңгеден төмен болған. Сарапшылардың пікірінше, рубльдің нығаюына мұнай бағасының өсуі мен Ресейде алдағы уақытта болатын салық аптасы әсер еткен. Сондай-ақ қазір шетел валютасына деген сұраныс төмендеп кеткен.