Нарық

Қазақстанда шағын бизнесті тексеру 7 есеге азайды

  • Қазақстанда шағын бизнесті тексеру 7 есеге азайды

    Қазақстанда шағын бизнесті тексеру 7 есеге азайды

Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің экономикаға қатысуы 14,9%-ке дейін қысқарды. Өткен жылы енгізілген мораторий қорытындысы бойынша Қазақстанда бизнесті тексеру (барлық субъекті бойынша) 4,6 есе, шағын және микробизнесті тексеру 7 есеге қысқарды. Бұл жөнінде Қазақстанның экономика министрлігің алқа жиынында ведомство басшысы Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

"Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасы бойынша ШОБ субъектілері үшін 5 жылға дейінгі субсидиялаумен кредит көлемі 7 миллиардқа дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, салалық шектеулерді алып тастадық", – деді ол.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша кредиттеудің жалпы көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылып, субсидиялау мерзімі – 10 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, министр тауарлар мен қызметтер тізімі кеңейтіліп, кепілдендіру құралы жақсарғанын да айтты.
Бизнес-климатты жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің 8-ші пакеті қабылданды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing business" рейтингінде 3 сатыға көтеріліп, 192 елдің ішінде 25-ші орынға жайғасты.

"Қабылданған шаралар 2020 жылы жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің 30,5%-ке дейін өсуін қамтамасыз етті", – деп атап өтті Ерғалиев.

Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің экономикаға қатысуы 14,9%-ке дейін қысқарды.

Жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер шаруашылық үшін белгіленген жер телімі бойынша жер салығынан босатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сату және импорттауға арналған қосымша құнға салынатын салық 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 11:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31