Нарық

Қазақстанда тағы екі қалаға республикалық мәртебе беріледі

  • © Foto : официальный сайт акимата Караганды

    © Foto : официальный сайт акимата Караганды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қандай қалалардың мегаполис мәртебесін алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Айта кеткен жөн, бүгін XII Астана экономикалық форумында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы екі қалаға республикалық мәртебенің берілетінін жариялаған болатын.


"Қазақстан да әлемдік урбанизация үдерісінен тыс қалып отырған жоқ. Бізде халықтың 40 проценті ауылда тұрса да, жартысы қалада жұмыс істейді. Бүгінде үш ірі қаламыз бар. Елордамыз 20 жылдың ішінде 1,2 миллион халқы бар қалаға айналды. Алматының халқы 2 миллионнан асты. Былтыр оларға Шымкент қосылды. Енді, тағы екі қаланы осы деңгейге көтеріп жатырмыз. Аталған қалалар магнит сияқты халықты тартып, білім мен технологиялардың ошағына айналады. Қазақстандағы қалалардың табысы еліміздің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін күшейтеді", - деді Назарбаев.


Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қандай қалалардың мегаполис деңгейіне көтерілетінін айтты. Олар – Қарағанды мен Ақтөбе.


"Аталған қалаларға халық көптеп көшіп жатыр. Адамдар өз еркімен келуде. Себебі қалада барлық жағдай бар, білім алуға болады. Енді, әзірше нақты уақыт белгіленбеген. Дегенмен, үкімет тиісті жұмысты бастап кетті", - деді ол.


Айтуынша, үкімет Қарағанды мен Ақтөбенің инвестициялық климатын жақсартуға, қала құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға күш салып жатыр.



 




Көрілген: 2568    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 19:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30