Нарық

Қазақстандағы кедейлік шегі аталды

  • Қазақстандағы кедейлік шегі аталды

    Қазақстандағы кедейлік шегі аталды

Қазақстандағы кедейлік шегінің орташа мөлшері аталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АӘК (атаулы әлеуметтік көмек. - ескерт.) табысы төмен отбасыларға беріледі, яғни отбасындағы жан басына шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы - кедейлік шегі. АӘК мөлшері отбасының табысына байланысты.

Яғни, АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс арасындағы айырма түрінде айқындалады. Мысалы, отбасында үш бала және ата-ана, біреуі бала тууға байланысты демалыста болса, екіншісі еңбек етеді. Бірақ жалақысы - 50 мың, отбасының әрбір мүшесіне ай сайын - 10 мың теңге. Бұл жағдайда кедейлік шегі - 24 012 теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіш", - деді Асқар Ниязов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі әр өңірдегі кедейлік шегі экономикалық өмір сүру деңгейіне байланысты дербес анықталатынын түсіндірді.

"Бұл жағдайда АӘК орташа мөлшері әрбір отбасы мүшесіне 14 мың теңгеден болады. Бес адамға бұл ай сайын шамамен 70 мың теңге. Сондықтан АӘК мөлшері белгілі бір мөлшерге байланысты емес... АӘК мөлшері белгіленбеген. Бұл отбасының табысына байланысты", - деп жауап берді ол.
 
Бұған дейін сараптама жасайтын порталдардың бірі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан тұрғындарының саны 20 пайызға артқанын есептеген. 2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар саны жыл ішінде 12 пайызға, 140,6 мыңға дейін артқан. 858,5 мың адам есептелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,1 пайызға көп. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың көпшілігі Түркістан облысында тұрады - 19,9 пайыз немесе 27,9 мың отбасы.




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30