Нарық

Қазақстандағы шет елдік компаниялар қанша салық төлейді?

  • https://qazaqstan.tv/

    https://qazaqstan.tv/

Қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам шетелдік компания жұмыс істейді деп жазады qazaqstan.tv.

 

FinReview.info сарапшылары Қазақстандағы 30 ірі шетелдік салық төлеуші компанияны атады. 2020 жылдың 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес,  елімізде 22,1 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырсақ, олардың саны 11,2%-ға артқан. Ал компаниялардың 21,5 мыңы, яғни 97,4% шағын кәсіпорын нысанында тіркелген.

 

Шетелдік компаниялар көбіне көтерме және бөлшек сауда саласында қызмет етіп жатыр - мұнда 8,7 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс саласы екінші орында - 2,3 мың компания, ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,7 мың компания жұмыс істейді.

 

30 ірі шетелдік салық төлеушілер ішінде төлемдердің 37%-ын «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорындары құйған. Бұл компанияның 50% акциясы «Шевронға», 25% акциясы «ExxonMobil» компаниясына, 20% акциясы «ҚазМұнайГазға» және 5% акциясы «LukArco« компаниясына тиесілі.

 

Биылғы 9 айда «Теңізшевройл» 832,1 млрд теңге салық төлеген.

 

Екінші орында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» біріккен компаниялар консорциумы - жыл басынан бері мемлекет қазынасына 398,5 млрд теңге құйған.

 

Сондай-ақ үздік үштік қатарында «Қазцинк» ЖШС бар - 109,3 млрд теңге салық төлеген.

 

Қазақстандағы ТОП-30 ірі шетелдік салық төлеушілер:

 

 

 




Көрілген: 1469    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31