Нарық

Қазақстандықтар салымдарын қандай валютада сақтайды

  • Қазақстандықтар салымдарын қандай валютада сақтайды

    Қазақстандықтар салымдарын қандай валютада сақтайды

 2019 жылғы қыркүйек айының соңында қазақстандықтардың банктік салымдары өткен жылға қарағанда 4,2%-ға артып, 8,8 трлн теңгені құрады. Мұндай мәліметтерді ranking.kz ұсынды.


Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жинақ ақшасының негізгі валютасы — теңге: барлық салымдардың 55,6%-ы (4,9 трлн теңге) ұлттық валютада сақталады. Шетел валютасындағы салымдар, өз кезегінде, 44,4%-ды (3,9 трлн теңге) құрайды.


Сондай-ақ, корпоративтік секторда да ұлттық валютаға қызығушылық артты. 2019 жылдың қыркүйек айының соңында заңды тұлғалар салымдарының сомасы 6,7 трлн теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5%-ға артық. Салымдардың теңгелік бөлігі 2018 жылғы 47,8%-дан 2019 жылы 51,2%-ға дейін ұлғайды, ал ақшалай мәнде сома 8,9%-ға, 3,4 трлн теңгеге дейін өсті.


Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бір жылда 5,2%-ға қысқарып, 3,3 трлн теңгені құрады. Үлес 52,2%-дан 48,8%-ға дейін төмендеді.


7kun.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.11.2019, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31