Нарық

Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

  • Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

    Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

Қазақстандықтар жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жерден бөлек учаскелер алуға құқылы. 25 сотық жер жеке қосалқы шаруашылыққа және 12-сі бау-бақша өсіруге. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңды түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кодекстің 50-бабында жер учаскелері азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген:

жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде - 0,25

  • гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде;
  • жеке тұрғын үй құрылысына - 0,10 гектар;
  • көгалдандыру, сондай-ақ саяжай құрылысына - 0,12 гектар.

 
Комитет жеке меншік үй учаскелері үшін жер ауылдық елді мекендерде беріледі деп түсіндірді.

"Үй маңындағы жер телімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салуға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін ауға болады", - деп толықтырды комитет өкілі.
Жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша өсіруге арналған учаске азаматтарға тұрғылықты жеріне және тіркелген орнына қарамастан беріледі. Бұл ретте жер учаскесін алуға кезекке тұру заңнамада қарастырылмаған.

Жер учаскелерін алу үшін жерге құқық беру туралы өтініш өткізу қажет.

"Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру тек жер игерілгеннен кейін жүзеге асады.

Уақытша жерді игеру кезеңіне (жалдау) кодекстің 92-бабына сәйкес шарттар мен мерзімдер белгіленіп беріледі", - деп толықтырды комитет өкілі.

Айта кетейік, қазақстандықтар үй салу үшін 10 сотық жер алуға құқылы. Бірақ, соңғы мәліметтер бойынша, учаскені алу кезегінде 1,5 миллионнан аса адам тұр. Бұл сан жыл санап артып келеді.




Көрілген: 1821    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30