Нарық

Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Қостанай облысында 2500 отбасы көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды

  • Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Қостанай облысында 2500 отбасы көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды

    Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Қостанай облысында 2500 отбасы көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында Қостанай облысының Аманқарағай ауылы табиғи газға қосылды.

Көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шараға Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалының директоры Ескендір Қайыбжанов қатысты. Жобаны жүзеге асыру барысында өткізу қуаты сағатына 30 мың текше метрді құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС), 130 км астам магистралдық газ құбыры және 44,5 км көшеаралық газ құбыры салынды.

Аталған нысандар мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және экологиялық ахуалды жақсарту, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында „ҚазМұнайГаз“ ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қостанай облысы әкімдігі арасында 2015 жылы қол қойылған меморандум аясында салынды. Бүгінгі таңда Қостанай облысы тұрғындарының 55 пайызы көгілдір отынға қосылған.


 




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.12.2018, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31