Нарық

Қазақтандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жоба құрылды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Мұнай-газ химиясы және энергетикалық кешендерді дамыту, геологиялық зерттеулерді ілгерлете отыра шикізаттық емес экспортты үдету. Міне осы бағыттағы ауқымды шараларды іске асыру мақсатында бірыңғай ұлттық жоба құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» атты жобада 13 көрсеткіш айқындалған.

 

Бұл нені білдіреді?

 

Біріншіден, 2025 жылға дейін 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Осылайша еңбек өнімділігі 20% артпақ.

 

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің өнімділігін 1,5 есеге арттырып, шикізаттық емес экспортты екі есеге, яғни 41 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту көзделіп отыр.

 

Құжаттың оңтайлығы сол, межеленген міндеттерге қол жеткізу үшін жобалық басқару қағидаты қолданылады. Яғни әрбір іске жауапты лауазымды тұлға тағайындалмақ.

 

Қымбат Ахметжанова, Стратегиялық талдау департаментінің бас сарапшысы:

 

 – Ұлттық жобаларды қалай іске асыру керек? Сол туралы мемлекеттік органдармен, сарапшылармен жиі кездесулер өткізіледі. Сонымен бірге белгілі бір мәселелер туындаса, бұл құжат ыңғайлы болмақ. Дер кезінде қандай да бір шешім қабылдап, қажетті шараларды іске асыруға тырысатын болады. Жобалық басқару қағидатының ерекшелігі осы.

 

 

 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31