Нарық

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 7,7 млрд теңге көлеміндегі қарызын қайтарды

  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 7,7 млрд теңге көлеміндегі қарызын қайтарды

    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 7,7 млрд теңге көлеміндегі қарызын қайтарды

 Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2016 жылғы 1 қарашада Еуразиялық даму банкінен алған жылдық үстемесі 11% құрайтын 7,7 млрд. теңгені құраған қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді толықтай орындады.


Несиені толық жоспарлы түрде өтеу «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды және бұл компанияның қаржылық тұрақтылығының, сондай-ақ қарыздар мен қарыздарға қызмет көрсету саясатының тиімді жүргізіліп отырғанының дәлелі болып табылады.


Компанияға «Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігінен «BBB-« деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингтер берілді, болжам «Тұрақты».


Несие бойынша алынған қаражаттың есебінен Ақтөбе облысындағы газбен жабдықтау нысандары мен газ инфрақұрылымын жаңғырту және қайта құру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Бұл қаржыға Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында, Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында және Қарғалы ауданы Қосестек ауылында газ құбырларын, тарату желілерін, автоматтандырылған газ тарату станцияларын және газ тарату пункттері салынды.


Сондай-ақ, несие қаражаты Ақтөбе қаласында жеткізуші газ құбыры мен қуаттылығы сағатына 300 мың текше метр болатын автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГТС) құрылысына жұмсалды.


АГТС-300 - Қазақстандағы ең қуатты станция болып саналады және Ақтөбе облысының жартысын газбен қамтамасыз етуге қауқарлы. Аталған нысанның арқасында Ақтөбе рельс зауыты, Индустриалды аймақ, қалалық телефон станциясы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазхром, жылу электр станциялары, Кобда, Мәртүк, Алға және Қарғалы аудандарындағы елді мекендер газбен қамтамасыз етілді.


Нысан құрылысы кезінде шамамен 32 км жаңа газ құбырлары тартылды, 2 газ бақылау пункті салынды. 


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 


 




Көрілген: 230    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 08:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30