Нарық

Кинотеатрлар жабылатын болса 5 млрд теңге шығын келеді-кәсіпкер

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Егер кинотеатрлар жабылатын болса 5 млрд теңгеге дейін шығын келеді. Бұл туралы еліміздегі ірі кинотеатр желілері атынан сөйлеген кәсіпкер Константин Горожанкин БАҚ өкілдерімен кездесу кешінде айтты.

 

Кеше еліміз бойынша кинотеатрлар жабылады деген соң Алматыдағы кинотеатр желілерінің қожайындары жиналып, бұл мәселе бойынша пікірімізді білдірдік. Коронавирус тараған елдер бұл жағдайда қалай жұмыс істеді және қандай шаралар қолданғанын зерттедік. Біз анықтағандай Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және Ираннан өзге вирус тараған елдердің ешқайсында кинотеатрлар жабылмаған. Тек киноға келушілердің санына ғана шектеулер қойған, - дейді ол.

 

Оның айтуынша, билет сатқанда қатарынан емес, орын аралатып сату керек. Сонымен қатар, тазалық нормаларын сақтап, бөлмені желдетіп, жуып отыру керек.

 

Бізде үкімет тарапынан нақтылық жоқ, кинотеатр жабылғанымен ойын-сауық орталықтары жұмыс істеп тұр. Кинотеатрлар осы сауда орындарынан орынды жалға алып отырған кәсіпкерлер. Президенттің өзі бұл жағдайда кәсіпкерлікке зиян келмеу керектігін айтқан еді. Елімізде 90-ға жуық кинотеатры бар. Бір айда 5 млрд теңгеге жуық шығын келейін деп тұр. Онда бес мыңдай адам жұмыс істейдің, көбінің төлейтін несиесі, пәтерақысы бар. Егер кинотеатрда айналым болмаса олар жұмысшыларына жалақы төлей алмайды. Сондықтан біз өзге елдердегідей жұмыс істеуге дайынбыз, тіптен келушілердің санын 50 пайызға дейін шекей аламыз, - дейді кәсіпкер.

 

Сондай-ақ ол Үкіметтегілер коронавирусқа қатысты нақты ақпарат бермей отырғанын және бұл бағытта қандай шаралар қолдану қажеттігін нақтылай алмай отырғанын жеткізді.

 

Коронавирус тарайды деп кинотеатрды жауып, өзге мекемелерді жұмыс істетіп қою қисынсыз. Оданда оның алдын алу шараларын нақтылап, соны сақтай отырып жұмыс істеуге мұрша беру керек. Бүгін кинотеар желілерінің басшылары баспасөз мәжілісін өткізгіміз келген, алайда белгісіз себептермен оны өткізуге рұқсат бермеді, - дейді К. Горожанкин.

 

Вaq.kz

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31