Көпбалалы аналар жәрдемақы түрінде 236 млрд теңгеден астам қаражат алды
2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін сараланды.
2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 236,1 млрд. теңгеге орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында жәрдемақының бұл түрін жалпы сомасы 22 млрд. теңгеге 428,3 мың отбасы алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға &ndash 93344 теңге, 9 балаға &ndash 105 012 теңге, 10 балаға &ndash 116 680 теңге, 11 балаға &ndash 128 348 теңге, 12 балаға &ndash 140 016 теңге, 13 балаға &ndash 151 684 теңге, 14 балаға &ndash 163 352 теңге, 15 балаға &ndash 175 020 теңге, 16 балаға &ndash 186 688 теңге.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілді.