Нарық

Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге салықты көбейту кейінге қалдырылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда қозғалтқышының көлемі 3 литрден асатын көліктерге қосымша салық салынбақ. Осыған байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жұмыс тобында бұдан бұрын қозғалтқышы 3000 текше сантиметрден асатын жаңа көліктер импортына акциздерді ұлғайту мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының шешімімен бұл мәселе әрі қарай зерттеуге қалдырылды», - деп хабарлады ҚР ҰЭМ.


Еске салайық, бұдан бұрын ведомствоға қарасты жұмыс тобы қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын жаңа көліктер импортына акциздерді өсіру мәселесін көтерген еді.


Биыл 20 мамырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасын Ашық НҚА порталына талқылауға шығарды.


Жария талқылау осы жылдың 3 маусымына дейін аяқталуы тиіс.


 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31