Нарық

Кредитіңізді уақытында қайтара алмасаңыз не істеу керек - жаңа тетік іске қосылды

  • Кредитіңізді уақытында қайтара алмасаңыз не істеу керек - жаңа тетік іске қосылды

    Кредитіңізді уақытында қайтара алмасаңыз не істеу керек - жаңа тетік іске қосылды

Қазан айынан бастап Қазақстанда проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1 қазаннан бастап Банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет туралы заңдарға банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушының проблемалық берешегін бірыңғай құқықтық реттеу режимін енгізу бөлігіндегі түзетулер күшіне енді. Енді мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-жеке тұлғалар өз кредиттерін немесе микроқарыздарын қайта құрылымдау мәселелерін құқықтық ая шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарауға міндеттелген кредиторлармен тікелей шеше алады», - делінген агенттік хабарламасында.

Ендігі кезде қарыз алушылар, мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде қарыздарды қайта құрылымдау үшін кредиттік ұйымға жазбаша өтінішпен немесе кредиттік шартта көрсетілген басқа тәсілмен жүгінуі керек. Өтініште мерзімін өткізіп алудың немен байланысты болғанын көрсету, ықтимал қайта құрылымдаудың өз нұсқаларын ұсыну және кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін куәландыратын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Агенттіктің хабарлауынша, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және банк пен МҚҰ-ның қарауына жатады. Толық емес мәліметтер ұсынылған кезде қарыз алушы оларды қаржы ұйымынан хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды, бұл ретте қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайы (төлем жасауға қабілеттілігі), әлеуметтік жағдайы, кепілге салынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескереді.

Кредитор өзінің жауабын күнтізбелік 15 күн ішінде:

  • қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қабылдай отырып, келісімін;
  • банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстарын;
  • себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тартуды ұсынуға тиіс.

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынған қайта құрылымдау талаптары мынадай түрде болуы мүмкін: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері), ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу немесе кепіл мүлкін кредиторға беру, сатып алушыға міндеттемені бере отырып, жылжымайтын мүлікті өткізу арқылы бас тарту төлемін беру.

Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 20:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31