Нарық

Қырғызстан Қытай алдындағы қарызын шикізатпен өтеу мәселесін қарастырып жатыр

  • Қырғызстан Қытай алдындағы қарызын шикізатпен өтеу мәселесін қарастырып жатыр

    Қырғызстан Қытай алдындағы қарызын шикізатпен өтеу мәселесін қарастырып жатыр

Қарыздың 42,5 пайызы немесе 1,8 млрд доллар Қытай экспорт-импорт банкінің ("Эксимбанк") үлесінде.

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров 12 қараша күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Бішкек Қытайға Нарын облысындағы Жетім-Тау кенішін беріп, қарызынан құтылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оның сөзіне қарағанда, Қытайға осы кеніш шикізатын беріп, қарыздан құтылу мәселесі талқыланған.

"Қарыздан құтылу амалдарын іздестіріп жатырмыз. Ол бар және оны табамыз да. Ал кенішті беру туралы ақпараттың бәрі - сыбыс. Бұл кеніште 5 млрд тоннадан астам темір бар, бұл дегеніңіз шамамен 50 млрд доллар. Қарызды шикізатпен өтеу жолын талқылағанбыз. Бұл нұсқа әлі де қарастырылып жатыр. Егер шикізатпен өтесек, 1 жылда шамамен 1 млрд доллардан құтыла аламыз" деді Жапаров.

3 қарашада жергілікті телеарналардың біріне сұхбат берген Садыр Жапаров "мемлекет қарызын табиғи ресурстардың көмегімен төлеуге болады" деп мәлімдеген.

Қырғызстан әр жылдары түрлі мемлекеттер мен ұйымдардан 200-ден астам несие алған. Олардың 98 пайыздан астамы 0,75-2 пайыздық мөлшерлемемен алынған, өтеу мерзімі 40 жылға дейін созылады.

Қарыздың 42,5 пайызы немесе 1,8 млрд доллар Қытай экспорт-импорт банкінің ("Эксимбанк") үлесінде.

Осыған дейін Қырғызстан несие төлемін кейінге шегеруді сұрағанмен Қытайдың одан бас тартқаны хабарланған еді.




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 14:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31