Нарық

Қытайға Қазақстаннан қандай өнімдерді тасымалдауға болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Үкіметтің бүгінгі отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша, бүгінгі таңда балық, асыл тұқымды жылқылар, қой еті, бал, бидай, бидай кебегі, соя бұршағы, рапс, сиыр еті, жонышқа, ұн, өсімдік майы, арпа мен жүгері үшін Қытай нарығы ашық.


"Осының арқасында 9 айдың ішінде Қазақстаннан Қытай еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 42 процентке ұлғайды. Иран тарапынан тірі қойды, тоңазытылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілді. Биыл тірі ірі қара малға қойылатын талаптарды келісу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ірі қара және ұсақ малды Сауд Арабиясына, ал ет пен ет өнімдерін, тауық жұмыртқасын Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізуге қатысты шектеулер алынып тасталды", - деді А.Евниев Министрлер кабинетінің отырысында.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, отандық 171 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық құқығы бар шетелдердің тізіміне кіреді. Мәселен, 153 кәсіпорында түрлі агроөнеркәсіп өнімдерін Қытайға экспорттауға рұқсат бар. Ал 17 кәсіпорын балық өнімдерін Еуропа елдеріне тасып жүр.


 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.12.2018, 18:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30