Нарық

«Локдаун болғаны жақсы еді»: Қазақстандық кәсіпкерлер жаңа қаулыға наразылықтарын білдірді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қазақстанда мейрамханалар мен кафелерге тек жасыл мәртебесі бар азаматтар, яғни екпе алғандар ғана кіре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Бизнесмендер егер бас санитар дәрігер осындай қаулы бекітсе, бұл мекемелердің 90% жабылуына әкеледі деп қауіптеніп отыр.

 

Мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істейтін Әйгерім Біржанның айтуынша, тек әрбір бесінші келуші Ashyq жүйесінде жасыл мәртебеге ие екен.

 

“Егер тек вакцина алғандарға немесе теріс ПТР бар адамдарға мекемелерге кіруге рұқсат етілсе, онда пайда бес есе азаяды. Ол кезде мейрамханаларды шығынға ұшыратқаннан гөрі жаба салған тиімдірек болады. Біз жасыл статусы бар адамдар ғана кіруі керек деген шешімді алып тастағандарын қалаймыз. Әйтпесе, көк пен жасыл статусты қалдырсын. Онсызда сенбі-жексенбі күндері және кешкі уақытта келушілер жоқ, шығынға ұшырап отырмыз”, – дейді ол.

 

Рестораторлар қазірдің өзінде клиенттердің 90%-ынан айырылатындарын болжап отыр. Олардың айтуынша, бүкіл ел бойынша тек 10 мың мекеме қалады, қалғандары жабылады. 900 мың қызметкер жұмыссыз қалады және қайтарылмайтын қарыздардың мөлшері артады.

 

Сондай-ақ олар бұл шара вакцинация қарқынын арттыруға көмектесетініне күмән келтіреді. Керісінше, бизнес санитарлық нормаларды бұзып, жұмыс істей бастайды деп отыр.

 

“Мекемелер шамамен 50% "сұр" аймаққа кетті. Біз олардың жұмыс кестесін бұзып, демалыс күндері жұмыс істейтінін көріп жүрміз. Кейбір жұмыс істеп жүрген адамдарда “жасыл” статус көрінбейді. Оларда дискриминация болады ғой. “Неге басқаларға болады, маған болмайды? Мен ауырып жүрген жоқпын, статусым “көк” деген сияқты”, – дейді қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

 

Мекемелерге тек вакцинаца алғандарды кіргізу тәжірибесі Ресейде қолданылған. Мұндай жүйе Мәскеуде үш аптадан бері жұмыс істеп келеді. 28 маусымнан бастап енгізілген. БАҚ-тың хабарлауынша, осы уақыт ішінде Ресей астанасында 200-ге жуық мейрамхана жабылған. Ал мекемелердің кірісі орта есеппен 80%-ға төмендеді.

 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31