Нарық

"Мемлекет 50 процентін өтейді": вице-министр ауылда салынатын коттедждер туралы айтты

  • "Мемлекет 50 процентін өтейді": вице-министр ауылда салынатын коттедждер туралы айтты

Елімізде ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылды.  Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылда салынатын үйлердің құрылыс шығындарын өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылады. Оған сәйкес, ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын 50 процентке субсидиялау қарастырылған", - деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, жұмыс беруші алдымен ауылға қажетті мамандарды анықтайды. Сосын тізімін жергілікті әкімдікке береді. Ал әкімдік оны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне көрсетеді. Орталық мемлекеттік орган рұқсат бергеннен кейін үй салуға болады. Артынан құрылысқа кеткен шығындардың жартысы қайтарылады.

Талапқа сәйкес, үйдің ауданы 100 шаршы метрден, ал бағасы 10 миллион теңгеден аспауы қажет. Еңбек шарты 5 жылға рәсімделуі шарт. Осы уақыттың ішінде ауылға барған маман үйдің 50 процентін өтеп, оны өз атына аудара алады.

Бүгінде республика бойынша 76 ауданның әкімдігі министрлікке ұсыныс жіберді. Әзірше, 3 мыңға жуық коттедж салу қажет. Оған республикалық бюджеттен 14,3 миллиард теңге керек болады.




Көрілген: 1736    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 12:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31