Нарық

Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді

  • Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді

    Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді

Қызмет түрлері бойынша шектеулер болмайды.
Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы шеңберінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бағыт іске қосылады. Бұл - микро және шағын кәсіпкерлікті микрокредиттеу. Бизнестің осы санаты үшін субсидиялау есебінен кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады", - деді Руслан Дәленов.

Министр несиелер айналым қаражатты толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттіліктерге – 20 млн теңгеге дейін берілетінін айтты.

"Қызмет түрлері бойынша шектеулер болмайды. Сонымен қатар, мемлекет кредит мөлшерінің 85%-ына дейін кепілдік беруді қамтамасыз етеді. Кредиттерді коммерциялық банктер мен микроқаржылық ұйымдар береді. Субсидиялау және кредиттерді кепілдендіру рәсімдері барынша жеңілдетіледі", - деді ол.

Министр атағандай, бағдарламаның негізгі мақсаты - микро және шағын бизнесті жеңілдетілген кредитпен барынша қамту.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнестің жол картасы-2025" бойынша салалық шектеулер алынып тасталғанын хабарлаған едік, сонымен қатар, министр кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданғанын айтқан еді. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30