Нарық

Министр азық-түлік бағасының қай өңірде өскенін атады

  • Министр азық-түлік бағасының қай өңірде өскенін атады

    Министр азық-түлік бағасының қай өңірде өскенін атады

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қай өңірлерде азық-түлік бағасының өсуі байқалғанын айтты.
Министр баяндағандай, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%-ке өскен, оның ішінде 6 тауарлық позиция 5,3 проценттік тармақты немесе жалпы өсімнің 84%-ын құрады.

Бұл маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, сондай-ақ импортқа тәуелді өнімдер және жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар.

Жылдық мәнде бағаның өсуі 11,8%-ды құрады. Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан облысында – 9,4%, Нұр-Сұлтан қаласында – 8,5% және Алматы қаласында – 6,0% тіркелді, - деді Сұлтанов.
Бағаның ең төмен өсімі Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, Ақмола облысында – 5,6% және Қарағанды облысында – 5,2% байқалады.

Азық-түлік бағасының өсуі бүкіл әлемде байқалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы құрылымының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында бағалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ке өсті. Бұл соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші болып табылады, - деп түсіндірді ол.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, баға өсімі біздің көрші елдерде де байқалады. Мәселен, Ресеймен салыстырғанда бізде көптеген тауар бойынша баға өсімі төмен.

Бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін қосымша проблемалар байқалады. Мысалы, картоп бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес отандық өндіріс ішкі тұтынуды 108%-дан астам қамтамасыз етеді. Сонымен қатар картоптың тауарлық өндірісінің көлемі бар болғаны 2,0 млн тоннаны немесе жалпы түсімнің 47%-ын құрайды, - деп атап өтті Сауда министрі.
Қалған көлемі тауар айналымында жүйелі түрде қатыспайды. Өйткені ол халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі.

BAQ.KZ




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30