Нарық

Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

  • Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

    Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

Бүгінде қарызға ақша алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін
Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Меніңше, осы норманың арқасында кредит алатындардың жағдай жақсарады. Мәселен, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде қарызға ақша алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады. Соның салдарынан қаржылық тәуекелдер туындап жатады.  

"Енді, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Басшыларына және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деп атап көрсетті Дәленов. 

Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасы аясында микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, құжатта зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.
 




Көрілген: 6185    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31