Нарық

Мусин Қазақстанда интернет сапасы дұрысталмай айыппұл салуды тоқтатпайтынын айтты

  • Мусин Қазақстанда интернет сапасы дұрысталмай айыппұл салуды тоқтатпайтынын айтты

    Мусин Қазақстанда интернет сапасы дұрысталмай айыппұл салуды тоқтатпайтынын айтты

Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасын жақсартуға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түркістан облысына сапары аясында бірнеше елді мекенде болдым. Оның барысында интернет сапасына байланысты шағымдар түсті. Бірінші кезекте, Жусансай ауылына барып, онда тұрғындар көрсетілген интернет жылдамдықпен қалай жұмыс істеп, оқып жатқаны туралы айтып берді. Әріптестермен бірге байланыс сапасына өлшеулер жүргізілді. Бұл ауыл «250+» бағдарламасы шеңберінде байланыспен қамтамасыз етілді. Өкінішке орай, бізге жұмыс есебі берілгендей емес. Байланыс сапасын жақсарту қажет етеді", - деп жазды Мусин өзінің Facebook парақшасында. 

Оның айтуынша, сол жерде өлшеу жүргізіліп, құжат толтырылып, сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салынды. 

"Біз сапаны қолайлы деңгейге жеткізгенге дейін айыппұл салуды жалғастырамыз. Бұл ауылдың сапасын маусым айына дейін жақсартуға уәде берді, бірақ келіссөздер нәтижесінде операторлар сәуір айында барлық проблемаларды шешуі тиіс деп келістік. Мен байланыс сапасына қойылатын минималды талаптар дұрыс шешім екеніне тағы бір рет көз жеткіздім! Бұйрықта біз жылдамдықтың ең төменгі көрсеткіштерін 3G - 1 мбит/с кем емес, 4G - 5мбит/с кем емес деп белгіледік", - дейді ол. 

Сондай-ақ, министр операторлар халыққа жылдам  интернет ұсына алмаса, белгіленген заң аясында оларға шара қолданылатынын ескертті. 

"Біз құзыретті мемлекеттік органдармен бірге байланыс қызметтеріне бағаны егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыс жүргізуге дайынбыз", - деп мәлімдеді Мусин. 
 




Көрілген: 1278    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30