Нарық

Наурыз мейрамында қазақстандықтарға сыйақы беру ұсынылды

  • Наурыз мейрамында қазақстандықтарға сыйақы беру ұсынылды

    Наурыз мейрамында қазақстандықтарға сыйақы беру ұсынылды

Қазақстанда Наурыз мейрамында жұмысшыларға сыйлықақы беріп, көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған мерекелік кештер ұйымдастыру ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Бұл туралы "Рухани жаңғыру" қазақстандық әлеуметтік даму институты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынған "Наурыз шапағаты" тұжырымдамасында айтылған.

Наурыз мейрамында корпоративті іс-шаралар өткізіліп, ұжымдық сыйлықтар таратылып, сауда орталықтары жобаның ұсынысында көрсетілгендей жеңілдік күндерін ұйымдастыра алады.

"Мұның бәрі кеңес беру болып табылады. Рождество немесе Қытай жаңа жылының қалай атап өтілетінін білесіздер. Коммерциялық ұйымдар маркетингтік қадам жасап, сатылымды көбейту үшін сатып алушыларды үлкен жеңілдіктермен тартады. Егер біздің коммерциялық құрылымдар осылай жасаса, пайдалы болар еді. Қайталап айтамын, бұл міндетті нәрсе емес", - деп түсіндірді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов.

"Рухани Жангыру" орталығының жетекшісі Жанар Буканова Наурыз мейрамы кезінде ұлттық дәстүрлі киімдерді кию ұсынылғанын айтты.

"Қазақстандық дизайнерлердің неофолк стиліндегі киімдері батыста кеңінен танымал. Мұндай киім сатып алып, күнделікті өмірде қолдануға болады", - деді Буканова. 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 21:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30