Нарық

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері супермаркеттер мен базарлар жұмыс істемейді

  • © REUTERS / Carlos Garcia Rawlins

    © REUTERS / Carlos Garcia Rawlins

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері тек үйге жақын азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

 

Бас санитардың қаулысына сәйкес, 20-21 маусым күндері барлық ойын-сауық сауда орталығы, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базаларлар мен дүкендер жабылады. Екі күн бойы тек үйдің ауласында орналасқан азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бірақ олардың уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.

 

Бүгінде Нұр-Сұлтанда инфекцияның отбасылық және ұжымдық ошағы үдеп барады. Осыған байланысты "үй демалысын" енгізуге шешім қабылданды.

 

"Бүгінде бізге, дәрігерлерге індетті жұқтыру қарқынын төмендету және тізбекті жою керек. Әйтпесе инфекция үдеп барады. Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үйдегі азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Тіпті, базарлар да жабылады. Қала тұрғындары қажетті азық-түлікті сенбіге дейін сатып алуы керек. Алайда дүрбелең тудырмаған жөн, себебі әр үйдің ауласында азық-түлік дүкендері бар", – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

 

Ол алдағы демалыс күндері аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес берді.

 

Айта кетейік, 20-21 маусымда дәріханалар мен ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей береді. Бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт. Ал қоғамдық көлік қозғалысы толығымен тоқтайды.


 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30