Нарық

Өскеменде сатушысы жоқ ерекше дүкен ашылды

  • Өскеменде сатушысы жоқ ерекше дүкен ашылды

    Өскеменде сатушысы жоқ ерекше дүкен ашылды

Ең қызығы, тұтынушылар сатушысы жоқ сөрелерден өзіне керекті заттарын сатып алып, ақшасын қасында тұрған арнайы қорапқа салып кетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Егер ақшасы тауар бағасынан артық болса, қайтарымын сол қораптан ала алады. Әр заттың бағасы өзінде көрсетіліп жазылған.


– Бұл арқылы біз әр бір адамның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Себебі, көп ретте адамдар мені камерадан көріп тұр және басқалар қарап тұр деп, өзін дұрыс ұстауға тырысады. Ал бұл бастамада ешкім қарап тұрмаған жерде де, адамдардың ішкі мәдениеттілігін анықтауға болады. Аталған бастаманы бүгінгі Тұңғыш Президент күніне және 9 желтоқсан – халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай қолға алдық, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.


Айта кетерлігі, департаменттің бастамасын өңірдегі ЖОО мен колледждер, мектептер қызу қолдауда. Жоба арқылы кез-келген кәсіпкер өз өнімін саудаға шығара алады.


 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31