Нарық

Отандық ұн экспортын «ақсатып» тұрған үш фактор аталды

  • https://bossagro.kz/

    https://bossagro.kz/

Қысқы айлардың қорытындысы бойынша ұн өндірісі бір жылда 5%-ға азайған.

 

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде 516,5 мың тонна ұн өндірілген тартылған екен. Былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5% төмен. Сонымен қатар компаниялар 478,7 мың тонна майдалап тартылған ұн, нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған 34,9 мың тонна қоспа, 2,2 мың тонна өсімдік ұны және басқа дәнді дақылдардан 662 тонна ұн өндірді.

 

Әр өңір бойынша саралап көрсек, әдеттегідей ең көп өнім өндірген Қостанай облысы екен: 158,9 мың тонна ұн - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,3%-ға төмен. Көшбасшы өңірлер үштігіне Шымкент (56 мың тонна, бір жылда минус 5%) пен Қарағанды облысы (47,9 мың тонна, бір жылда минус 15,8%) да кірді.

 

Бұл өңірлерде «Саламат», «Асалия», «Азия Ұны», «Romana-Нан», «Аруана-2010», Miller&K, «Алтын-Дан», Pioneer Grain Products тәрізді ұн өндіруші мекемелер жұмыс істейді.

 

Биылғы жылдың қаңтардағы қорытындысына сүйенсек, жергілікті компаниялар ұнға деген сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр (ішкі нарық және экспорт). Импорт үлесі 0,4%-ды құрайды (912 мың тонна ұн - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға көп).

 

Бұл ретте экспорт үлесі бір жылда 43,9%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп кеткен. Компаниялар 85,2 мың тонна ұнды экспорттады. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,1% аз.

 

Тауарды ақшаға шаққанда қаңтарда экспорт бір жылда 10,1%-ға, яғни 23,6 млн АҚШ долларына дейін төмендеді.

 

 

Отандық ұнның басты импорттаушысы - Ауғанстан: қаңтарда ол елге 17,4 млн АҚШ долларын құрайтын 59,8 мың тонна ұн жөнелтілді. Қалған экспорттың 29,8%-ы ТМД елдеріне тиесілі. Бұл жерде ең көп ұн көлемі Өзбекстанға экспортталды: 16,7 мың тонна, бір жылда минус 33,6%.

 

Inbusiness.kz хабарлауынша, ұн өндірушілер экспорттау бойынша ағымдағы көрсеткіштер соңғы 10 жылдағы ең төмен екенін атап өткен. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау болмайынша, сондай-ақ тасымалдау тарифтерінің жоғары болуын және Өзбекстан тарапындағы бәсекелестік жағдайын ескерсек, бұл сала ақсай береді. Материалдағы ақпаратқа сүйенсек, бірқатар ұн өндіруші мекеме банкротқа ұшырады немесе банкротқа ұшырау қаупінің алдында тұр.

 

Ішкі нарыққа келер болсақ. Дүкендер мен базарларда наурыз айында жоғары сұрыпты ұнның бір келісі 244 теңгеден, бірінші сұрып - 179 теңгеден сатылды. Жылдық динамиканы ескерсек, жоғары сұрыпты ұн бағасы бір айда 19,6%-ға, ал айына 0,4%-ға өскен. Ал бірінші сұрыпты ұн бір жылда 4,5%-ға, бір айда 0,6%-ға қымбаттаған.

 

 

Елдің үлкен қалаларының арасында жоғары сұрыпты ең қымбат алатын - астаналықтар (325 теңге), ең арзан бағамен алатын - павлодарлықтар (178 теңге) екен. Сондай-ақ бірінші сұрыпты ұн Ақтауда қымбат екен (246 теңге), ал керісінше Ақтөбеде (128 теңге) ел бойынша арзан екен.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 950    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 03:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31