Нарық

Пандемия кезінде зейнетақы қорының 10%-ын қолдану ұсынылды

  • Пандемия кезінде зейнетақы қорының 10%-ын қолдану ұсынылды

    Пандемия кезінде зейнетақы қорының 10%-ын қолдану ұсынылды

БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Евгений Сейпульник экономикалық жағдайдың қиын болуына байланысты зейнетақы қорының салымшыларына жинақ ақшасының 10 пайызын алуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Эпидемия ешкімді аямайды. Вирус жоқ, бұның бәрі саяси ойындар деп болып жатқанға сенбейтін адамдардың да қатары азайды. Мен бірнеше айдың ішінде өліммен бетпе-бет келдім. Өзімді дәрменсіз сезіндім, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, дүкендердегі қапаған адам, қиындық көп болды", - деп жазды Сейпульник Facebook-та.

Ол қазір зейнетақы қорында жинақталған қаражаттың 10 пайызын халықтың алуына мүмкіндік жасау, елімізді дағдарыстан құтқаратынын айтты.

"Салымшылардың ақшасын зейнетке шыққанға дейін жинақтың 10 пайызы мөлшерінде пайдалануды ұсынамын. Ия, халықтың көпшілігінің шоттарында жинақталған қаражат шынымен аз, бірақ пандемия кезінде ақша қажет болмауы мүмкін. Мен ел азаматтарына дағдарыс кезінде қаржылық қолдау көрсету арқылы біз қажетті жағдайларды жасай алатынымызға сенемін", - деді Евгений Сейпульник. 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31