Нарық

Пандемиямен күрес үшін: Қазақстан тағы да 661 млн. 800 мың еуро қарыз алмақ

  • Пандемиямен күрес үшін: Қазақстан тағы да 661 млн. 800 мың еуро қарыз алмақ

    Пандемиямен күрес үшін: Қазақстан тағы да 661 млн. 800 мың еуро қарыз алмақ

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес 661 млн. 800 мың еуро сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

 
"Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Қарыз 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%", - дейді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.

"Көрсетілген қаражатты тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында өте маңызды болып табылады. Бұл қаражат Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін 2020 жылға резервтелген", - дейді қаржы министрі.




Көрілген: 710    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31