Нарық

Парижде мейрамхана ашқан қазақ қызы Мишлен тізіміне енді

  • © kapital.kz

    © kapital.kz

Парижде туристерге 15 мың мейрамхана қызмет етеді. Мұнда қоғамдық тамақтану саласындағы бәсеке өте жоғары. Осыған қарамастан Алматының тумасы Гаухар Ассион жұбайымен бірге өз мейрамханасын ашып, оны өте жақсы деңгейге шығара алды. Тіпті Мишлен тізіміне де енді, деп хабарлайды «Хабар 24».


Қазақ қызының Парижде орыс тағамдарын сататын нысан ашқаны оғаштау көрінгенімен Гаухар сұранысты дер кезінде аңғарып, сауда нүктесін ресейліктер көп тұратын қаланың 16 округінде ашқан. Алғашқы тамақтану орнында манты, палау мен қазақша асылған еттің дәмін татуға болады, ал мұнда тек тұшпара мен борщ секілді орыстың ұлттық тағамдары сатылады.


Гаухар Ассион, мейрамхана иесі:


– Мейрамхананы ашқанда көп тер төгіп, талай қиындық көрдік. Мұны бала күткенмен салыстыруға болады. Ал аспазхананы негізінен сауда тұрғысынан аштық. Оған да көп қаражат құйдық. Бастысы барлығы да ең алдымен пайда табудың көзі.


Францияда шағын бизнес саласында бәсекелестік жоғары. Әйтсе де, біраз жеңілдіктер қарастырылған.


Жобаны жүзеге асыру үшін үстемесіз несие беріледі, кәсібін бастағандарға алғашқы жылдары салық төлеуге де жеңілдіктер бар. Дегенмен инвестицияны ақтауға ұзақ уақыт кетеді.


Гаухарға жолдасымен бірге сол үшін бірнеше жыл бойы күніне 14 сағат жұмыс істеуге тура келді.


Гаухар Ассион, мейрамхана иесі:


– Біз ешқашан жұмыссыз отырған жоқпыз, нәпақамызды өзіміз тауып жүрдік. Ол түгіл 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Күйеуіміз екеуміз осыны бірге мақтан тұтамыз.


Гаухар Қазақстанға келгенде, үнемі жергілікті дәмханалардың жұмысын мұқият бақылап тұрады. Айтуынша, ас дайындауда Парижден кем түспейді, бірақ қызмет көрсету сапасы әлі төмен.


«Бұл салада табысқа жету үшін тынбай еңбек етіп, сапаға басты көңіл бөлу керек», - дейді ол.




 




Көрілген: 1168    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 15:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31