Нарық

Павлодарлықтар биылғы жазда Маралды көлінде демала ала ма?

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Өңірде курорттық аймақты дамытуға көмектесетін инвестор табылды. Бұл жолы салалар екіге бөлінді: бір компания шаяндарды аулаумен, ал екіншісі көлдегі туризммен айналысады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

«Павлодар» ӘКК Маралды көлінің маңында курорттық аймақты дамыту бойынша серіктес компания тапты. Әңгіме бірлескен кәсіпорын құрылған «Саят-Павлодар» ЖШС жайлы.

 

Бұл туралы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның төрағасы Мейрам Өтешов «Кім жауап береді?» Instagram-жобасына берген сұхбатында айтты.

 

- Компания туризм саласында жұмыс істейді, яғни бұл мәселелерге мамандандырылған, туристік қызметке лицензиясы бар. Павлодар облысының нарығында шамамен 20 жыл жұмыс істеп келеді. ӘКК өз тарапынан жарғылық капиталды 30 миллион теңгеге толықтырды. Сонымен бірге серіктес те өз үлесін толықтырады. Жоба 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Биылғы жылы міндет - демалушыларға барынша жағдай жасау, - деді Мейрам Өтешов.

 

ӘКК алдағы туристік маусымда көлге демалуға қажетті инфрақұрылым элементтері орнатылатындығын және халықтың қауіпсіздігі мәселелері шешілетіндігін айтады. Демалыс аймағына бару ақылы болады, бірақ бағасы әлі жарияланған жоқ.

 

«Павлодар» ӘКК басшысы Мейрам Өтешовтің  сөзіне сүйенсек,  бағасы Павлодар облысындағы басқа демалыс орындарындағы   деңгейде болады.

 

Қазіргі серіктес тек туристік аймақты дамытады,  артемия салина шаяндарын өндірумен айналыспайды.

 

 

 

 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 14:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30