Нарық

Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Президент азаматтарға кредит беруді шектеу қажет деп санайды.

 

"Қаржы секторында тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік теріс фактор болып қалып отыр. Тұтынушыларды тоқтаусыз, кейде тіпті жауапсыз несиелеуді нормативтік тұрғыдан тежеу қажет. Мұның соңы үлкен әлеуметтік салдарға әкеп соғуы мүмкін", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы жолдауын жария ету барысында.

 

Мемлекет басшысы азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі оларға кредиттік өнімдерді таңуға себеп болмауы керек екенін айтты.

 

"Биыл менің тапсырмам бойынша заңнамалық және нормативтік база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілеттігін бағалауға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Бұрын тұтынушылық қарызды оңды-солды берген микроқаржы ұйымдары, ломбардтар мен басқа да қаржы мекемелері мемлекеттің бақылауына алынды. Бірақ, тәуекел әлі де сақталуда. Әсіресе, дағдарыс пен халықтың табысы азайған кезеңде", - деді мемлекет басшысы.

 

Тоқаев ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, кредиттер бойынша шекті мөлшерлемені төмендету және саралауға қатысты қосымша тұрақты шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Ол ақша-несие саясатына деген сенімді арттыру да маңызды мәселе екенін атап өтті.

 

Осыған байланысты ұлттық банк құрылымында ақша-несие саясаты комитетін құру туралы шешім қабылданған. Оның құрамына тәуелсіз сарапшылар да кіреді.


 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31