Нарық

Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы айтты

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мегаполисте жұмысқа тұру жүйесінің қалай атқарылатыны туралы бейнеролик жариялады.

 

Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша, ағымдағы жылы қалада 56 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның ішінде 25 мың жұмыс орны "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламасы бойынша. Осы бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асатын болады.

 

Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық Жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. "Екі қолға бір күрек іздеген" 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар, - деп жазды Сағынтаев.

 

Роликте баяндалғандай, Дина Ерекешова көп уақыт бойына жұмыс таба алмайды. Содан Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді жөн көріп, аталған мекемеге барады. Мұнда ол қажетті барлық кеңестерді алады және ұсынылған бос орындардың ішінен өзіне керектісін таңдайды. Қазіргі кезде алматылық әйел күзет агенттігенде әкімгер болып жұмыс істеуде.

 

Біздегі "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі, - деп хабарлады Алматы әкімі.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CBcKE03gEAa/

 

BAQ.KZ




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31