Нарық

«Самұрық-Қазына» Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асырады

  • «Самұрық-Қазына» Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асырады

    «Самұрық-Қазына» Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асырады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.


Дәлірек айтсақ, екі тарап Түркістан облысын дамытуға бағытталған 9 бағыт бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті. Ол бағыттардың арасында облысты газдандыру, энергетика кешенін, электронды сауда және пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды , Smart City жобасын дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу салалары бар.


 


«Түркістан облысында Қорға қарасты компаниялар тобының 20 кәсіпорны мен филиалы жұмыс істейді, ондағы барлық қызметкерлер саны 19 мыңнан асады. Қазір «Самұрық-Қазына» қоры аймақта электро-энеретика, газ, пошта, ақпараттық коммуникация және экономиканың басқа да салаларына қатысты бірнеше жобаны жүзеге асырып отыр», - деді құжатқа қол қою рәсімінде сөз алған Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.


Жоғарыда аталған бағыттардың бірі - ақылды қала, яғни, smart City жобасының аясында Арыс пен Түркістан қалаларын сервистік үлгіге сай дамыту көзделген. Осы бағдарламаға сәйкес, «Самұрық-Қазына» қоры Түркістан облысында ортақ саны 97 мектеп пен аурухана, талшықты-оптикалық байланыс желісін және радиожелілерін салып, ал, Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін орнатады.



Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» қоры маусым айындағы әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Арыс қаласын қалпына келтіруге белсене ат салысқан. Қор Арыс қаласындағы әлеуметтік маңызы бар 68 нысанды қалпына келтірді. Ооның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы мен орталық алаң бар.


Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік мәселелерін талқылады. Жалпы, Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, конгресс холл, "Smart City" жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге жалпы 33,6 млрд.теңге бөлінді.


Аймақта қуаты 220кВ жаңа қосалқы станция салынбақ, оған кернеуі 110 кВ тартатын электр желісі жалғанады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізетініне сенім білдіріп, аймақтың дамуына қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» қорына алғыс айтты.


«Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30