Нарық

Сарапшылар Қазақстандағы көлік нарығын "автоқоқыс" деп атады

  • Сарапшылар Қазақстандағы көлік нарығын

    Сарапшылар Қазақстандағы көлік нарығын "автоқоқыс" деп атады

Елде автоөнеркәсіп қолдауымен жаңа автокөліктер сатылымы артқанына қарамастан, Қазақстанда, өкінішке қарай, "ескі көліктер" нарығы сақталған. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл тамыздың аяғында Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны былтырғымен салыстырғанда 1,3 пайызға азайып, 3,8 миллион болды. Бұл ретте қолданыста 10 жылдан көп болған автокөліктер бірден елдегі жалпы көлік санының 63,7 пайызы немесе 2,4 миллион көлік, 3 жылдан 10 жылға дейін қолданылған автокөліктер тағы 21,5 пайызы немесе 827,3 мың автокөлік.

 
Бұл ретте мұның жақсы жағы да бар: бір жыл ішінде 3 жыл толмаған жаңа көліктер үлесі 11,3 пайыздан 13,1 пайызға немесе 502,8 мыңға дейін артқан.

2021 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстандағы ресми дилерлер 73,4 мың жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді сатқан, бұл былтырғымен салыстырғанда 39 пайызға артық.

Жаңа техника сатылымының көп бөлігі отандық автокөліктер үлесіне тиесілі: мысалы, 2020 жылдың аяғына қарай қазақстандық автомобильдердің сатылымдағы үлесі импорттық көліктердің 2 пайызына қарсы 73 пайыз болды, ал 2021 жылы Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметі бойынша, отандық автоөнеркәсіп үлесі 80 пайыз болған.

Бұл ретте 2019 жылға дейін жаңа жеңіл көліктер сатылымы бойынша шетелдік көліктер басым болған.

Қазақстан жолдарында тек жергілікті ескі көлітер ғана емес, негізінен ЕАЭО елдерінен келген, тіркелмеген көліктер де көп. Былтыр олардың саны 200 мыңға жеткен.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО аумағы арқылы Беларусь пен Ресейдің көлік құралдарында уақытша әкелу мерзімін есепке алмай, сенімхат бойынша жүре алады. Қазақстандықтар Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді сенімхат бойынша жүргізуге құқығы жоқ.




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 11:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31