Нарық

Сенат көп балалы аналарға арналған жаңа жәрдемақы түрін бекітті

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

Сенат депутаттары жалпы отырыста ана мен баланы қорғау туралы заңға түзетулер енгізу арқылы көп балалы отбасыларға берілетін жаңа жеңілдіктерді мақұлдады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Бұл заң жобасын Мәжіліс пен Сенат депутаттары бастамасымен әзірленді. Заң жобасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсетуге арналған. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтитын жекелей жәрдемақы тағайындау жайы енгізілген. Алалауды болдырмау мақсатында заң жобасында сегіз және одан да көп балаға 4 АЕК немесе әрбір кейінгі балаға 10 604 теңге мөлшерінде жәрдемақы белгілеу ұсынылады. Мұндай жәрдемақының мөлшері 84 мың теңгені құрайды, ал 10 балаға - 106 мың теңге, сонымен қатар одан кейінгі әр балаға 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады, - деді Мәжіліс депутаты Айгүл Нуркина.

 

Сонымен қатар, заң жобасында террористік іс-қимылдар кезінде зардап шеккен балаларға заңнамалық деңгейде қолдау көрсету мәселесі қарастырылған. Бүгінгі таңда соғыс ошағы бар аймақтардан 447 бала мен 164 әйел оралды. Оларды әлеуметтік тұрғыда оңалтуды ҚР Білім және ғылым министрлігі өз жауапкершілігіне алған.

 




Көрілген: 1444    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31