Нарық

Шағын несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгерді

  • Шағын несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгерді

    Шағын несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгерді

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды.

Қазақстанда шағын несиелерді рәсімдеу және қарызды қайтару тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Агенттік басқармасының қаулысына сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленіп отыр.

"Ал микроқаржы ұйымы шағын кредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, қарыз алушыға ол туралы хабар беруге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы", &ndash делінген ресми хабарламада.

Микроқаржы ұйымы екі аптаның ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған жағдайда немесе онымен келісім жасалмаса, берешекті нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алуға болады.

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды. Атап айтқанда, микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтерді енгізуге ұсыныс жасалды. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуі тиіс.

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 17:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31