Нарық

"Сот шешімі күшіне енгенде отставкаға кетемін": Ұлттық экономика министрі неліктен отставкаға кетуге дайын?

  • "Сот шешімі күшіне енгенде отставкаға кетемін": Ұлттық экономика министрі неліктен отставкаға кетуге дайын?

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің отставкаға кету мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.


Ұлттық экономика министрлігінің департаменттерінің бірінің директоры Асланбек Жақыпов алаяқтық жасады деп танылып, 3 жылға сотталған еді. Сенат кулуарында журналистер министрден осы жағдайдан кейінгі әрекеті туралы сұрады.


«Сот шешімі күшіне енгенде отставкаға кетемін. Бұл дұрыс тәжірибе. Отставкаға кету – бірінші басшысының моральдық міндеті. Мұнда басшысының қаншалықты кінәсі барын жоғарғы басшылық анықтайды», - дейді Дәленов.


Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші басшылардың қоластындағылардың жемқорлықпен ұсталғаны үшін жауап беретінін айтқан еді. Алайда ол отставканы қабылдау, қабылдамау президенттің құзіретінде екенін атап өтті. Алайда отставка туралы өтініш беру – міндетті шара.




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 12:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30