Нарық

Сырбойылықтарға жылыжай үшін 15 сотықтан жер берілуде

  • © 24.kz

    © 24.kz

Сыр өңірінде жылыжаймен айналысуға ниетті тұрғындарға 15 сотық жер беріле бастады.


Бұл бастама облыстың оңтүстік аудандарында жүйелі түрде жүзеге асырылып отыр. Мәселен, Шиелі ауданында биыл бұл мақсатқа 10 гектар жер бөлінген.


Инфрақұрылымы дайын аумаққа жергілікті тұрғындардың бірі Майра Өмірбекова да жылыжай салып, қияр өсіруде. Тіпті осы кәсіп түрін дөңгелету үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңіл пайызды несие беру де қарастырылған.


Бүгінде аудан бойынша жылыжай кешенінің жалпы аумағы 20 гектарға жетіп отыр. Айтулы жоба аясында ауылдық елді мекендерде де жылыжайлар көбейе бастаған.


Майра Өмірбекова, кәсіпкер:


- Күніне 150-200 кг өнім аламыз. Екі айдың көлемі болды, өнім шығарып жатырмыз. Әлі екі айдай өнім аламыз деген үміттеміз.


Мұрат Әшірбеков, Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:


- Осы жерден 10 гектарға дейін жерді қарастырып отырмыз. Оның жолына, жарығына – барлығына көмек беріп жатырмыз. Өздері ұсыныс білдірген кәсіпкерлерге, жұмыссыз азаматтарға әрқайсысына 15 сотықтан беріліп жатыр.


 24.kz




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31