Нарық

Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

  • Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

    Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. "Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын: 1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады; 2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды; 3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды", - делінген қаулыда. Президент Үкіметке және Ұлттық Банкке тапсырма берді: 1) 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3) Ұлттық банк қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын.: 1. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу; 2. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу; 3. кепілсіз тұтынушылық заемдарды беру кезіндегі қосымша реттеу шаралары. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 




Көрілген: 1414    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 17:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31