Нарық

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Алаш айнасы" газетінде жарияланған мақалаға қатысты жауабы

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Алаш айнасы" газетінде жарияланған мақалаға қатысты жауабы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Банк адамдарды қалай алдайды» атты мақалада атап көрсетілген бірқатар жайттардың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді. Банк өз клиенттерімен жұмысы барысында тек заң аясында ғана қызмет көрсетеді. Оның үстіне, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметіне қатысты барлық ақпарат ашық түрде hcsbk.kz сайтында жарияланған. Яғни, кез-келген адам несие түрлері мен оның шарттарына қатысты мәліметтерді банк сайтына кіріп, немесе 300 нөміріне қоңырау шалып біле алады. Бұл ақпарат жасырын емес.


Осы орайда, біз мақалада қозғалған мәселе жайында бірқатар түсініктемелер беріп кетуді жөн көрдік. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз банк. Ол Қазақстан халқының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің шарттарына сәйкес, Банк салымшысы қолжетімді несие арқылы пәтер, үй немесе жер телімін сатып алғысы келсе, онда банктегі өз шотында тұрғын үй бағасының 50%-ын жинақтауы тиіс. Ал қалған соманы, яғни 50%-ды ол банктен тұрғын үй заемы ретінде жылдық 5% мөлшерлемемен несиеге алады.


Мәселен, егер сатып алынатын үй бағасы 10 млн.теңгені құраса, онда банк клиенті кемінде 3 жыл ішінде 5 млн.теңгені депозитте жинауы тиіс.


Бұл жағдайда пайыздар тек банк несиеге берген сомаға ғана есептелінеді. Алайда! Егер салымшының қолында үй алуға қажетті соманың 50%-ы болса және де ол 3 жыл бойы күткісі келмесе, онда банк оған аралық заем түрін ұсынады. Заң бойынша, кез-келген жағдайда клиент депозит ашқаннан кейін кемінде үш жыл бойы өз шотында қаражат жинақтауы тиіс. Сондықтан, салымшының ақшасын, яғни 50%-ды Банк клиенттің шотына аударады. Ал, депозитке салынған қаражат болса, жәй ғана шотта жатпай, керісінше өсіп отырады. Өйткені оған үш жыл бойы әр жыл сайын 2% мөлшерінде банк сыйақысы мен 20% көлемінде мемлекет сыйлықақысы (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға) төленеді.


Банк болса, 3 жыл бойы күткісі келмеген клиентке қажетті соманың 100 пайызын 7,5-8,5 пайызбен несиеге береді. Үш жыл өткеннен кейін салымшының депозиті негізгі қарызды өтеуге жұмсалып, клиент тұрғын үй заемына көшеді де, несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейді. Яғни, ол аралық заемнан тұрғын үй заемына көшетін болады.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ посткредиттік қызмет көрсету ережесінің 33 бөлімінің 7 тармағына сәйкес, қарыз алушы тұрғын үй заемына өтуге қажетті шарттарды орындап, тиісті көрсеткіштерге жеткен кезде, клиенттің ұялы телефон нөміріне аралық заемнан тұрғын үй заемына өту уақытының келгендігі жөнінде автоматты түрде СМС-хабарлама жіберіледі. Сондықтан, егер клиент ұялы телефон нөмірін ауыстырған немесе ауыстыратын болса, онда міндетті түрде банкке келіп, жаңа ұялы телефон нөмірін көрсетуі тиіс.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі


 


 




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

сенбі, 05.10.2019, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31