Нарық

Үкімет Шүлбі және Өскемен су электрстанцияларын арабтарға сатудан бас тартты

  • Фото: ашық дереккөз

    Фото: ашық дереккөз

Үкімет Шүлбі және Өскемен су электрстанцияларын сату жоспарынан бас тартты. Бұған дейін аталған гидроэлектрстанциялардың 75 пайызы Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясына сатылатын болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 

KTK-ның мәліметінше, экс-премьер Асқар Мәмин бастаған үкімет Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында  ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы заң жобасын әзірлеп те қойған. Шүлбі және Өскемен электрстанцияларының арабтардың қолына өтуі осы келісім аясында жүзегі асуы мүмкін болған.

 

Әзірге қос нысанның тағдыры белгісіз. Бірақ премьер-министр Әлихан Смайыловтың 10 қаңтарда, яғни әлі үкімет басшысы болмай тұрғанда қол қойған қаулысына сәйкес, Шүлбі және Өскемен су электрстанциялары толығымен Біріккен Араб Әмірліктерінің иелігіне өтуі мүмкін екендігі жазылған.

 

Экс-энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев үкіметтің мұндай қадамын электр станцияларының көнергендігімен байланыстырып, олар күрделі жөндеуді қажет етеді деген. Себебі біріне 60, екіншісінің қабырғасы қаланғанына 80 жыл. Яғни араб елінен келген инвесторлар қыруар қаржы құйып жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек болған. Ал жаңа министрлер кабинетінің неге айнып қалғаны түсініксіз.

 

Стратегиялық маңызы бар нысандар шетелдік емес, отандық инвесторлардың қолында болуы керек деп санайды отандық сарапшылар. Сатқан күннің өзінде бақылаушы пакет акциясы мемлекеттің қолында болғаны дұрыс. Ал су электр станцияларының жағдайы үкімет айтқандай мүшкіл емес екен.

 

 

 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 20:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31