Нарық

Ұлттық банк теңгенің не себепті құнсызданып жатқанын түсіндірді

  • Ұлттық банк теңгенің не себепті құнсызданып жатқанын түсіндірді

    Ұлттық банк теңгенің не себепті құнсызданып жатқанын түсіндірді

Ұлттық Банктің құбылмалылық пен алыпсатарлық ахуал кезеңіндегі әрекеттері туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова сұхбатында айтып берді. Төраға орынбасарының айтуынша, теңгенің әлсіреуіне үш түрлі себеп бар. Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

- Шынында да, кеше, 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемі 292 млн АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылғы сәуірден бастап рекордтық деңгейге жатады. Сауда-саттық көлемінің өсуі және бір доллар үшін 436 теңге белгісіне дейін бағамның әлсіреуі шетел валютасына сұраныстың артуы аясында орын алды, ол мынадай факторларға тікелей байланысты болды. Біріншіден, «Омикрон» штаммының таралуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты мұнай бағасының күрт құлдырауы себеп болды. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 70 доллардан төмен түсіп, биылғы жылғы тамыздан бастап ең төменгі деңгей – 68,14-ке жетті, - деді Молдабекова.

Теңге бағамының әлсіреуіне екінші себеп – мұнай бағасының төмендеуі.

- Екіншіден, мұнай бағасының жергілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына қосымша ішкі сұранысты туындатты, 1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, сұраныстың бір бөлігі ЕДБ онлайн платформалары арқылы іске асырылды. Сондықтан жүйелері валютаны онлайн айырбастауға мүмкіндік беретін барлық банктер 2 желтоқсан күні таңертең «қысқа» позицияда болды, яғни олар жұмыс уақытынан тыс уақытта өз клиенттеріне сатылған валютаны сатып алуға мәжбүр болды, - деді ҚРҰБ Төрағасының орынбасары.

Үшінші себеп – шетел валютасына сұраныстың артуы.

- Шетел валютасына сұраныстың оның ұсынысынан айтарлықтай асып түсуі аясында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк 2 желтоқсанда 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді. Бұл алыпсатарлық ахуалдың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуларына жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларына және бейрезиденттердің шығуына байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды, - деп түсіндірді Әлия Молдабекова.

exclusive.kz




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 14:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31