«Үйі бардың күйі бар» Үйді сыйға тартқанда немесе алғанда нені ескеру керек?

«Үйі бардың күйі бар» Үйді сыйға тартқанда немесе алғанда нені ескеру керек?

«Жылжымайтын мүлікті кім сыйға тарта алады?» «Сыйға алынған мүлікті сатуға бола ма?» «Сыйға тартылған пәтерді қайта қайтарып алу мүмкін бе?».

Міне, дәл осындай сұрақтар тұрғын үйді сыйға беруші немесе алушы азаматтардың арасында жиі туындайды. Кей жағдайда тіпті сыйға тартылған жылжымайтын мүлік  төңірегінде дау шығып, туыстардың бір-бірімен араздасып, соттасып жататын кездері де жоқ емес. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін кез келген азаматтың құқықтың сауаты болғаны жөн немесе арнайы маманның көмегіне жүгінген дұрыс.  

Тұрғын үйді біреу сыйға тартса, екінші тараптың мұндай сыйлықтан бас тартуы қиын, әрине. Дегенмен, жылжымайтын мүлікті сыйға алудан бас тартуға да болады. Тұрғын үйді сыйға тарту екі жақтың мәмілеге келу шарты арқылы заңды күшіне енеді. Мұндай келісім-шартты рәсімдеу үшін сыйға тартушының қалауы мен сыйға алушының келісімі қажет. Егер екі жақ ортақ келісімге келсе, үйді бір адамнан екінші адамның атына аудару бірнеше күнде шешіледі. Мұндай жағдайда нотариустың көмегімен құжаттар түгелдей тексеріліп, келісім-шарт жасалады.  

 

КЕРЕК ДЕРЕК

Мүлікті сыйға тарту шартын жасасу үшін қажет құжаттар:

·        Екі тараптың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлік)

·        Жылжымайтын мүлікті растайтын құқықтық құжаттар. Бұл құжаттарға сатып алу, сату шарты. Егер үйді кезінде айырбастап алған болсаңыз немесе мұрагерлікпен иеленген мүлік болса, оны растайтын құжат болуы керек.

·        Тұрғын үйдің техникалық паспорты және мемлекеттік акт.

 

Сыйға тарту шартын жасап беру қызметтері ақылы екенін ескерген жөн. Жылжымайтын мүлікті нотариалдық рәсімдеу үшін туыстық қатынасы бар тұлғалар 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бір айлық есептік көрсеткіш 2917 теңге) төлем төлейді. Бұл санатқа балаңыз, жұбайыңыз, ата-ана мен бауырларыңыз кіреді. Міндетті түрде туыстық қарым-қатынасты растайтын құжат болу керек. Ал өзге тұлғалар үшін бұл қызметтің түрі 12 айлық есептік көрсеткішке тең болады. Егер мәміле жасаушы екі тарапта да мүмкіндігі шектеулі жандар немесе ҰОС ардагерлері болса, онда нотариустың қызметіне ақы төлемейді. Екі тараптың бірі бұл санатқа жатпаса, онда төлем сол адамдарға жүктеледі. Тағы бір ескеретін жәйт, сыйға тарту шартын жасасқанда мемлекетке ешқандай салық төленбейді.

 

·        Тақырыпқа тұздық

Венетта ИМАНҚҰЛОВА, нотариус:

СЫЙҒА БЕРУ ҮШІН ДЕ САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК

–        Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту қаншалықты жиі жүзеге асырылады?

–        Өмір болған соң түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Азаматтардың меншігіндегі жылжымайтын мүлігін екінші біреуге сыйға тартуы тәжірибемізде кездеседі. Бұл қызмет түрінің өзіндік ерекшеліктері бар. Көп адамдар мүлікті сыйға тартудың кейбір тұстарын жетік білмегендіктен сату, сатып алу шартын жиі жасасады.

–        Тұрғын үйді сыйға тарту құжаттарын рәсімдеудегі ерекшеліктерін айтып өтсеңіз...

Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту және алу мәмілесін кәмелет жасқа толған Қазақстан азаматтары жасаса алады. Ал егер мәмілені 14 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған жасөспірім жасаса, онда қамқоршысының немесе қамқоршылық органдарының рұқсаты керек. Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту шартын 14 жасқа дейінгі балалар мен ақыл-есі кем азаматтардың заңды өкілдері жасаса алмайды. Емдеу, тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау қызметкерлері мен олардың туыстарына жылжымайтын мүлікті сыйға тартуға заң тыйым салған. Бұл қатарда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың туыстары да бар.

–        Мүлікті сыйға беруші некеде болған жағдайда жұбайының рұқсаты қажет пе?

–        Егер жылжымайтын мүлік сыйға тартушының некеде болған кезінде алынса, жұбайының келісімінсіз сыйға тарта алмайды. Сыйға берілген мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылмайды.  Сондықтан егер ерлі-зайыптылардың біріне пәтер сыйға берілген болса, ажырасу кезінде бұл мүлік бөлінбейді.

–        Жылжымайтын мүлікті сыйға беруші өзінің сыйға берген мүлкін қандай жағдайда қайтарып ала алады?

–        Сыйға тартылған мүлікті сот арқылы шағымданып қайта қайтарып алуға болмайды. Тек қана сыйға берушінің өміріне қауіп төндіру, қорқыту арқылы мәжбүрлеп сыйға алынған жағдайда оның алданғаны немесе мас болғаны дәлелденсе, заң аясында оның құқығы қорғалады. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балалардың атынан шарт жасалған болса, сыйды қайтарып алуға болады. Жылжымайтын мүлікті сыйға тартуға тыйым салынған жағдайда сот сыйға тартушы адамның құқығын қорғайды. Сыйға тарту шарты мұрагерлікпен берілмейді. Қандай да бір дау туған жағдайда сыйды алған тарап өзінің қандай да бір ақыға үйді сатып алғанын дәлелдесе, сыйға беру келісім-шарты бұзылады. Егер мүлікті сыйға алушы қайтыс болып кеткен жағдайда сыйға беруші өзінің үйін қайта өзіне қайтарып алуына болады. Бірақ бұл екі тарап жасасқан келісім-шартта көрсетілуі керек.

–        Сыйға берілген үйді сатуға бола ма?

–        Жылжымайтын мүлікті сыйға беру, алу келісім-шартында үйдің құны көрсетілмейді. Сондықтан үйді алған тарап үйді сатуына болады. Ал үйді сатып алған үшінші тарап бір жылға жетпей сататын болса, тұрғын үйдің үстінен көрген пайдасына мемлекетке салық төлейді. Мысалы, үйді сыйға алған тарап үшінші біреуге үйін 20 миллионға сатты делік. Ал үйді алған үшінші тарап 1 жылға жетпей үйді 21 миллионға тағы біреуге сатса, ол үстіндегі 1 миллион үшін 10 пайыз салық төлейді.

  –  Сыйға берілген мүліктен бас тартуға бола ма?

–         Әрине, болады. Егер сыйға беру келісімшарты заңды тіркелген болса, сыйлықты алудан бас тарту да мемлекеттік тіркеуден өтеді.

 –   Егер атасы немересіне жылжымайтын мүлкін бергісі келсе, сыйға беру келісім-шартын жасау керек пе, әлде бұл мұрагерлік болып санала ма?

–        Заңгерлер бір ғана тұрғын үйі бар егде тартқан адамдарға өзінің мүлкін туысына сыйға бергеннен гөрі  рента шартын жасауға кеңес береді. Яғни қарт адамның үйін иеленуші тарап сол адам өмірден өткенше оған қамқор болуға, асырауға міндетті болуы тиіс.  

–        Нотариусқа жүгінбей-ақ сыйға тарту келісімшартын жасауға бола ма?

–        Бүгінде кейбір адамдар ғаламтор желілерінен мүлікті сыйға беру шартының дайын үлгісін тауып, өздері келісім жасап жатады. Дегенмен, келісім-шартты мүліктің көлеміне, құнына байланысты нотариус арқылы бекітуіне тура келеді. Негізі кез келген құжатты нотариус арқылы рәсімдеген дұрыс.

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста