Нарық

Зейнетақы дүрбелеңі: Қазақстанда тұрғын үй бағасы 15 пайызға қымбаттайды

  • Зейнетақы дүрбелеңі: Қазақстанда тұрғын үй бағасы 15 пайызға қымбаттайды

    Зейнетақы дүрбелеңі: Қазақстанда тұрғын үй бағасы 15 пайызға қымбаттайды

Зейнетақы салымындағы жеткіліктілік шегінің көтерілуі мен қаражатты алуға деген сұраныстың артуы баспана бағасына әсер етеді. Сарапшылар жылжымайтын мүлік құны тағы 15 пайызға дейін көтеріледі деп болжам жасады, деп хабарлайды КТК” арнасы.

Зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражаттың шекті мөлшеріне қатысты ақпараттан соң баспанаға деген сұраныс артыпты. Риелторлардың жұмысы да жанданып, пәтер алуды көздегендер күрт көбейген. Тұрғын үй нарығындағы дүрбелеңді құрылыс компаниялары өз пайдасына шешуді әдетке айналдырған дейді мамандар.

 
Сондықтан саудаға түсетін баспананың әр шаршы метрі тағы шарықтайды. Бірақ олар бағаның бұлайша аспандауына жол бермеу үшін мемлекет шара қолдану қажет деп есептейді. Себебі, сарапшылар қымбатшылық қолдан жасалатынына сенімді. Соның салдарынан баспанаға шын мұқтаж жандар тығырыққа тірелуі мүмкін.

“Пәтер іздеушілер екі есеге артты. Зейнетақы қорындағы жинағын ипотекаға аударуды ойлағандардан көп. Оған қоса қолма-қол ақшаға баспана алушылар да қазір қозғала бастады. Өйткені олар жылжымайтын мүлік қымбаттайтынын түсінеді. Орташа есеппен келесі жылдың көктеміне дейін тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға көтеріледі. Содан кейін ғана баға тұрақтануы мүмкін”, – дейді тұрғын үй агенттігінің директоры Асхат Базарбаев.




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 01:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31