Нарық

Зейнетақы жинағын алуға қатысты бірнеше ұсыныс жасалды

  • Зейнетақы жинағын алуға қатысты бірнеше ұсыныс жасалды

    Зейнетақы жинағын алуға қатысты бірнеше ұсыныс жасалды

Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты бірнеше ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бірақ жұмыс тобы әлі біреуін де қабылдамаған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген вице-министр Ақмәди Сарбасов осы мәселені талқылау барысында бірнеше ұсыныстың айтылғанын жеткізді. Бірақ нақты қандай ұсыныстар екенін айтпады. Себебі жұмыс тобы әлі бір шешімге келмеген.


"Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Тапсырма солай болды. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты нұсқалар жоқ. Барлық ұсынысты жан-жақты зерделеу керек. Себебі әрбір адамның жинаған зейнетақы жарнасы әртүрлі", - дейді Сарбасов.

Оның айтуынша, нақты ұсыныстар жылдың аяғына дейін әзірленеді.


"Бізде тапсырма бар. Жылдың соңына дейін нақты ұсыныстар дайын болады. Жұмыс тобының жұмысы жалғасып жатыр. Бір айдың ішінде кейбір мәселелер пысықталады деп ойлаймын. Енді, дәл қазір өзара келісілген ұсыныстар жоқ. Сол себепті әзірше ештеңе айта алмаймын", - деп түйіндеді Сарбасов.


Айта кетейік, қыркүйектің басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.


"Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мәселен, ол ақшаны баспананы сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады", - деді Тоқаев. 




Көрілген: 1776    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 22:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30