Нарық

Зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін

  • https://www.nege.kz/

    https://www.nege.kz/

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшысының тиісті бұйрығы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жоба 24 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

 

Құжатта қандай өзгерістер қарастырылған?

 

Егер жаңа ережелер ресми түрде бекітілсе, онда зейнетақы жинақтары есебінен банк алдындағы қарыздарды ғана емес, жұмыс берушіден алған қарыздарды да өтеуге болады.

 

БЖЗҚ-дан қаражат аудару мерзімі ұзартылды. Яғни, үш жұмыс күннің орнына банк 10 күн ішінде ақша аударады.

 

Ал талқылауға шығарылған жаңа ережелер қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін пайдалану ауқымын кеңейтеді.

 

Мысалы, жұмыс берушісінен баспана сатып алу үшін несие алған қазақстандықтар енді қарызын зейнетақы төлемдерінен қайтара алады.

 

Бұл ретте сатып алынған жылжымайтын мүлік міндетті түрде кредитордың кепілдігінде болуы тиіс.

 

Сондай-ақ баспана сатып алуға ақша жинап жатқандарда зейнетақы төлемдерін тұрғын үй құрылысы салымының шотына аудару мүмкіндігі пайда болады.

 

Сонымен қатар жаңа ережелер жер учаскесін үйге міндетті қосымша ретінде ғана емес, жеке жылжымайтын мүлік ретінде де сатып алуға мүмкіндік береді.

 

 

 




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 11:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30